Оқуға дайындық: Мектеп формасының бағасы қанша?

1616
Фото: munara.kz

Парламент тарапынан биыл бірыңғай мектеп формасын енгізу туралы заң қарастырылып жатқанда халық мектеп жасындағы балаларын жаңа оқу жылына дайындаумен әлек. Тізімді бастап тұрған маңыздысы әрі ең бағалысы – мектеп формасы. Қай жерде қандай баға, сапа барын, жалпы нарықты зерттеп көрелік.

Үкімет тарапынан отандық өнімді қолдау арқылы ішкі экономиканы реттеу, доллар бағамына тәуелді болмауды тілге тиек етеді. Алайда отандық өнеркәсіптер елдің сұранысын толығымен өтеуге қауһары жете ме, олар ұсынған тауардың бағасы қол жетімді ме бұл бөлек әңгіме.

Жасалған жарнамаларға сәйкес мектеп формасы дегенде тілге алдымен «Сымбат» сән үйі оралады. Мәселен «Сымбаттан» қыз балаға форма аламын десеңіз белдемшелер 5000 теңгеден, сарафандар – 7000 теңгеден, жилетка-3500тг, пиджактар 10 000 теңгеден басталады. Бірінші сыныпқа баратын балдырғандардың формасы бір топтамасына (1 пиджак, 1 жилет, 1 шалбар) 15000 теңге жұмсайсыз. Бұл қарапайым, көпбалалы отбасыларына ауырлық ететін жайт сондықтан халықтың қарасы базарда жүр.

Базардағы баға 

Базарда орташа сапада Қытайда тігілген мектеп формасын 8000-10000 арасында алуға болады. Тіпті жақсы саудалассаңыз бүкіл топтаманы, бұған қоса бонус ретінде ақ жейде мен галстукті де қоса 6000-7000 теңгеге аласыз. Жақсы сападағы түрік фирмалары-мыс мектеп формалары жекелей сатылымда 1 топтамаға (ұл балаға: 1 пиджак, 1 жилет, 2 шалбар; қыз балаға: 1 пиджак, 1 жилет, белдемше, 1 шалбар) 15 000 теңгеге, екеуден артық алсаңыз 13 000 сатып аласыз.

Брендтердің жұмыс істеуі. Шет ел тігін фирмалары біздің елге келмей-ақ нарығымызға мониторинг жасап отыр. Былтырғы оқу жылында базарларда сатылған түріктің сапалы «Glasman» белгісінің формалары биыл жалғыз Алматы барахолкасында үлкен сұранысқа ие болып отыр. Бутиктерден өткен екіден бір ата-ана осы фирма тауарын сұрап келеді. Демек, сапаның өзі жарнама. Қазіргі науқанда шетелдік мектеп формасын саудалайтын контейнерлер сағатына ең кемі 3 форма сатып жатыр(!).

Балалардың аяқ киіміне қалалық бутиктерде 1 аяқ киімге ең кемі 15000-20000 теңге кетеді. Базар нарығында Қытайдан келетін аяқ киімдер 4000 теңгеден басталып тұр. Түркияда тігілген балаларға арналған сапалылау аяқ киімді барахолка нарығында табу қиын, бірақ іздеген табады. Бастауыш сыныптарда оқитын балаға былғарыдан тігілген түрік фирмасының туфлиі 8000-9 000 теңгеден сатылады.

Балалардың мектеп сөмкелері мен рюкзактары базарда 3000-нан 15000 теңге аралығында саудаланып жатыр. «Абди» кеңсе заттары дүкенінде 1 рюкзакка ең кемі 10000 теңге жұмсайсыз.

Мектеп дәптерлері үлкен сауда үйлерінде («Апорт», «Мега») жүргізіліп жатқан мектеп жәрмеңкелерінде 20 теңгеден басталса, «Абди» кеңсе заттары дүкенінде 15 теңгеден сатылып жатыр. Есесіне «Абди», «Әсем», «Айгөлек» атты кеңсе заттары дүкендерінде көздің жауын алатын, бағалары, сапалары әр түрлі ассортиментті байқауға болады және іздегеніңізді табасыз.

Базарда кеңсе тауарларын сату бойынша өзінің маркетингі жүргізіліп отыр. Мәселең барахолкада дәптер 0 тг (Алайда барахолка саудагерлері типографиялардан 1 дәптерді 14,50 теңгеге алады). Қалайша? Егер сіз саудагер ұсынып отырған басқа да кеңсе затттарын (қалам, фломастер, блокнот, күнделіктер, пластилин, акварель т.б.) 5000 тенгеден жоғары сомаға алатын болсаңыз онда дәптерлерді бонус ретінде тегін аласыз. 5000 теңгеге сауда жасасаңыз – 50 дәптер, 10000 теңгеге сауда жасасаңыз – 100000 дәптер тегін.

Дегенмен әр мектепте формаға қатысты өзінің талаптары бар. Мұнда талғам, сапа, қалтаның қалыңдығы рөл онайды. Сонымен, 2016 жылы 1 баланы мектепке дайындау үшін шамамен 50 000 теңге ақша жұмсалады.

Әлия Кемелбекова