ОЕМ өндіруші деген не?

11
Фото: gochitomo.com

ОЕМ өндіруші (original equipment manufacturer — «жабдықтарды негізгі өндіруші»)  деген өзінің зауыты жоқ компанияларға белгілі бір өнімді шығарып беретін өндірістік компанияны айтады.

Мысалы: Тайваньдық Foxconn сауда белгісімен танымал Hon Hai Precision Industry Co., Ltd. компаниясы  электроника саласындағы ең ірі өндіруші.  1 млн қызметкері бар бұл компания Canon үшін фотоаппарат, Sony үшін PlayStation 3, PlayStation 4, Microsoft үшін Xbox 360, Xiaomі, OnePlus, HDM Global смартфондарын, Amazon, PocketBook_International үшін электронды кітап, Apple үшін iPhone, iPad, MacBook, Intel үшін плата, Cisco үшін құралдар, Dell мен HP үшін түрлі жабдықтар жасап береді.  

Бұлардың барлығы жасап шығарға зауыттың атымен емес, тапсырыс берген компанияның атымен шығады. Бұл жердегі жасап беруші ОЕМ өндіруші деп аталады. Foxconn компаниясы өз атымен платалар, корпустар шығарады. Алайда ең негізгі өнімі басқа брендердің атымен шығаратын өнімдері.  Компанияның 20 еншілесі бар.