Қолма-қол емес ақша айналысы дегеніміз не?

1298
ақша
Фото: retail-community.com.ua

Қолма-қол емес ақша айналысы – бұл белгілі бір уақыт аралығындағы клиенттердің шоттары бойынша несиелік ұйымдарға немесе келісімді есеп айырысуға, қолма-қол ақшаны қолданбай, ақшалай қаражаттарды аудару. Бұл айналыс мемлекеттің ақша айналысының үлкен бөлігін құрайды.

Қолма-қол ақша және қолма-қол емес ақша айналымдары өзара тығыз байланысты және бір-біріне тәуелді. Өйткені ақша үнемі бір айналыс аясынан кетпей, оған одан әрі қызмет жасай береді. Ал банктегі шотқа қаржының айдарылуы қолма – қол ақшаның берілуінің кепілі. Сондықтан қолма – қол  емес ақша төлем айналымы қолма – қол ақша айналымының ажырамас бөлігі болып табылыды және екуі бірге қосылып  мемлекеттің ақша айналымын қалыптастырады..

Есеп айырысу операциялары банк операцияларының негізгілерінің біріне жатады. Есеп айырысу операцияларын жүргізу үшін әр түрлі шоттар қолданылады. Олардың арасында кең тарағандары: ағымдағы, есеп айырысу және тағы басқа шоттары.