Онлайн-оффлайн төлемдер деген не?

1045

Онлайн-оффлайн төлемдердің арасындағы айырмашылық көбінесе ақшаны сатушылар мен сатып алушылардың, банктердің арасында көптеп байқалады.

Оффлайн төлем — бұл әдеттегі төлем болып табылады. Сатып алушы тапсырыс нөмірін немесе келісім-шартты көрсете отырып, банкке ақша аударуға нұсқау береді. Ал банк мұны сатушыға  үш  жұмыс күні ішінде аударады. Сатушы ақшаны қолына алғаннан соң ғана қызметті немесе тауарды жеткізеді. Сондай-ақ, оффлайн төлем қолма-қол да іске асады. Яғни, тауарды не қызметті қолға алған соң тұтынушы келісілген соманы төлейді. Оффлайн төлемдерді терминал, банкомат, почта, банк арқылы іске асыра аласыз. Оффлайн төлем жасағанда онлайн төлемге қарағанда уақыттан ұтыласыз.

Онлайн төлемде сатып алушы мен сатушының арасында төмендегідей ақпараттық алмасулар болады. Олар:

  • сатушы тапсырысты қабылдайды
  • счет-фактура жасалынады
  • сатып алушы бірнеше реквизиттерге келіседі. (Мысалы, төлем картасының нөмірі, жасырын терілген код пен қосымша коды, қабылданған хабарламалар арқылы ол өзінің алаяқ емес, сатып алушы екенін дәлелдейді).

Сатып алушы мен сатушы арасындағы келісілген баға банкке жіберіледі. Сатып алушының заңды тұлға екені расталса, төлем картасынан сатушы хабарлаған ақша блокка қойылады. Сонымен, сатушы толық сеніммен тұтунушыға қызметін немесе тауарын ұсына алады. Онлайн төлемді онлайн төлем картамен, мобильді банкингпен, интернет банкингпен жүзеге асыра аласыз.

Сондай-ақ, онлайн төлем басқа төлемдерге қарағанда тез жұмыс істейді. Ақпарат тез жетеді, бизнес жылдам өрбиді әрі тәуекелдікті қажет етеді. Бірақ, бизнесіңіздегі мол кірістер бұл тәуекелдікті ақтайды.