Орал әуежайындағы ұшу-қону жолағының жарылуы бойынша комиссия құруда

592
Орал әуежайындағы ұшу-қону жолағының жарылуы бойынша комиссия құруда

Инвестициялар және даму министрлігі (ИДМ) Орал әуежайында жақында ғана қайта жөндеуден өткен ұшу-қону жолағының жарылу себептерін тергеу үшін комиссия құруда.

Орал әуежайының ұшу-қону жолағындағы жарықтар мен ойықтарды сынға алған сауалдарға жауап берген кезде: «Комиссия құрылды», — деп айтты журналистерге инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев.

«Ертең осында комиссия келеді. Оның құрамында біздің министрлігіміздің, «Эйр Астана» компаниясының, көлік прокуратурасының, «Қазжол ҒЗИ» мен «Қазаәуежоба» мамандары болады «, — деп хабарлады ол.

Комиссия жұмысының нәтижесі бойынша қорытынды жасалады деп мәлімдеді министр.

2014 жылдың 1 қыркүйегі мен 31 қазан аралығында Орал әуежайының ҰҚЖ қайта жөндеу жобасының І-ші кезеңі аяқталған еді. 2014 жылдың з ұарашасында әуежай өз жұмысын уақытша сұлба бойынша, яғни қабылданатын әуе кемелерінің жиілігі мен массасына бірқатар шектеулер енгізіп, қайта жалғастырды.