ОСК: Назарбаев 97,7% дауысқа ие болды

364
ОСК: Назарбаев 97,7% дауысқа ие болды................................

Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) төрағасы Қуандық Тұрғанқұловтың мәлімдеуінше, Нұрсұлтан Назарбаев алдын-ала мәліметтер бойынша 97,7% дауысқа ие болып, сайлауда жеңіске жетті. Екінші орында — Коммунистік халықтық партия ОК хатшысы Тұрғын Сыздықов, үшінші орында — Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайынов.

«Бізге келіп түскен ақпаратқа сәйкес, республика бойынша сайлаушылар таңдауы төмендегідей: азаматтардың 0,7%-ы Құсайыновқа, 97,7%-ы Назарбаевқа, 1,6%-ы Сыздықовқа дауыс берді», — деді дүйсенбі күні өткен брифингте Тұрғанқұлов.

«14 облыс пен Астана және Алматы қалаларынан келіп түскен хаттамалар бойынша әлі де нақтылаймыз. «Сайлау туралы» заң бойынша 7 күні ішінде, яғни 2015 жылдың 3 мамырынан қалдырмай қорытынды нәтижені шығаруымыз керек», — деп атап өтті төраға.