Қостанайда майлы дақылдарды қайта өңдеу зауыты іске қосылады

678
Қостанайда майлы дақылдарды қайта өңдеу зауыты іске қосылады

2015 жылдың күзінде Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Троебратское ауылында майлы дақылдарды қайта өңдеу бойынша зауыт пайдалануға берілмек деп хабарлайды облыстық әкімшілік.

350 млн теңгені (ағымдағы құны – 184,45/1$) құрайтын зауыт құрылысы жөніндегі жобаны «Нұржайлау-2» компаниясы іске асырып жатыр. Зауытты орнату компанияның жеке қаржысынан кетпек. Оны пайдалануға беру 2015 жылдың қарашасына, ал жобалық қуатқа жету 2016 жылға жоспарланып отыр. Зауыт қызметінің негізгі түрі – майлы дақылдарды қайта өңдеу, өсімдік майын дайындау болмақ. Жоспарланған өндірістік қуат – жылына 3 мың тонна майлы дақыл болады деп жоспарланып отыр.

Қазіргі уақытта Түркиядан жабдық жеткізіп отыру туралы келісім жасалған.