Қостанайда индустриалды аймақ құрылады

634
Қостанайда индустриалды аймақ құрылады..............

Қостанайда құны 10,3 млрд теңге болатын индустриалды аймақ құрылады деп хабарлайды облыстық әкімшіліктің баспасөз қызметі.

Аталған аймақ көлік-логистикалық орталық ретінде жұмыс істейді. Бүгінгі күні технико-экономикалық негіз дайын, мемлекеттік сараптаманың рұқсаты берілген. Аймақтың алатын жер көлемі 400 гектарды құрайды.

«Индустриалды аймақтың құрылуы кластерлік әдістің негізіндегі заманауи өндірістің дамуына байланысты бірқатар мәселелерді шешуге, аймақтық жалпы өнімнің артуына, сонымен қатар жаңа жұмыс орындары арқылы жұмыссыздыққа қарсы күрес жүргізуге мүмкіндік береді», — делінген таратылған хабарламада.

Сонымен қатар, 2015 жылдың аяғына дейін Жетіқара қаласында тамақ, өндірістік құрылғылар, құрылыс материалдары, жылыжайлар өндіріс қолға алынатын индустриалды аймақ салу да жоспарда бар.