Отан соғысы Кеңес Одағына қанша шығын әкелді?

53
Фото: cont.ws

Кеңес одағы үшін Отан соғысы тек миллиондаған адамның өлімі ғана емес, өте ауқымды материалдық шығын әкелді. Әскери шығын 2 трлн советтік рублді құраған. Ол қазіргі 13 трлн доллар.

КСРО-ның соғыс кезіндегі бір тәуліктегі шығыны 362 млн рубль болған. Қазіргі курспен есептесек 2,5 млрд доллар. Соғыс басталған алғашқы үш аптада денсаулық саласының 1940 жыл бойғы мемлекеттік шығысқа тең қаржы жұмсаған. Ол жанама шығындарды есепке алмағандағы, тікелей шығын ғана.

1942 жылы армия мен қару-жарақ өндірісінің шығыны 2,5 есе өсіп, мемлекеттік шығынның 60%-на жетті. Бұл мемлекеттік бюджеттің айтарлықтай тапшылығын туғызды. 1941 жылдың соңында 8% жуық, 1942 жылдың соңында 10% бюджет жетіспеушілігі болды.

Кеңес билігі әскери шығындарды салықпен жабуға тырысты. 1941 жылы арнайы «әскери салық» енгізілді. Оған сәйкес әрбір кәмлетке толған адам мемлекетке жыл сайын150-ден 600-ға дейін рубль төлеуі керек болды. 1940 жылы КСРО азаматтары бюджетке 19 млрд руб., салық төлесе 1942 жылы 45 млрд.жуықтады.

Алайда салық мемлекеттік бюджеттің аз ғана бөлігін жапты. Билік тапшы тұсын шығындарды бірден қысқарту мен өмір сүру сапасын төмендету арқылы жабуға тырысты. 1942 жылы нанды тұтыну төрт, етті тұтыну екі есеге төмендеді. Азық-үлік емес өнімдерді тұтыну соғысқа дейінгі кезеңмен салыстырғанда 5 есеге азайды.

Соғыстың алғашқы жылдары КСРО-да азық-түлік бағасы 10 есеге қымбаттады, жалақы керісінше құлдырап кетті.  1943 жылы тылдағы орташа жалақы 573 руб болды. Бұған 2 келі шошқа еті ғана келетін.

Жұмысша қауымға «карточка арқылы» сату енгізілді. Зауыттардың көпшілігінде азық-түлік талон арқылы таратылып берілді. КСРО халқының 40% немесе 80 млн адам карточкалар арқылы алатын. Соғыстың соңғы жылдары жүз елуге жуық түрлі карточка болған.

Мұндай қатаң қадамдар инфляцияны төмендетіп, бюджет тапшылығын азайтуға бағытталды. 1943 жылы бюджет тапшылығы году кірістен 3% ғана асты, келесі жылы тапшылықсыз жабылды. Соғыстың соңғы жылы совет рублі 4 есеге құнсызданды, бұл кезде марка – 6 есеге құнын жоғалтқан еді.

1941–1945 жылдары КСРО әскери әрекеттерге 586 млрд руб.жұмсады. Бұл Ресей империясы мен КСРО соғыс алдындағы 60 жыл бойы денсаулық саласына жұмсаған шығынынан да жоғары.

Соғыстың материалдық шығыны орасан болды. Тек соғыс кезіндег қираудың салдарынан келген шығын 679 млрд совет рубліне немесе 128 млрд АҚШ долларына жетті. Бұл қазіргі көрсеткішпен алғанда $4,5 трлн шамасында. Ал жалпы әскери, өндірістік басқа да шығындарды қосқанда 2 трлн совет рублін құрады. Бұл қазіргі 13 трлн доллар.

Дереккөзі: profile.ru