Отандық автокөліктер сатылымы үш есе артты

Жеңілдетілген автонесие 20 жылға дейін созылады

Жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасының іске асырылуының нәтижесінде отандық автокөліктердің сатылым көлемі наурыз айындағы көрсеткіштермен салыстырғанда 31,1%-ға өсті. Бұл туралы Қазақстанның автобизнес қауымдастығына (ҚАБҚ) сілтеме жасап, kapital.kz хабарлайды.

ҚАБҚ-тың алдын-ала мәліметтеріне сүйенсек, сәуір айында жаңа автокөліктерді ресми сатылымы 9 мың 573 бірлікті қамтыды, наурыз айындағы көрсеткіш — 8 мың 392 бірлік.

Осылайша, өткен аймен салыстырғанда нарық 14,07%-ға жоғарылады. Renault, Toyota, Subaru, Geely, Iveco, Volkswagen секілді брендтер айтарлықтай өсім көрсетті. Жалпы жыл басынан бері 34981 бірлік жңа автокөлік өткізілді. Өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда нарық 28,29%-ға төмендеді (48 мың 788 бірлік).

Отандық автокөліктер сатылымы наурыз айымен салыстырғанда 31,1%-ға артты. Осылайша, сәуір айында Қазақстанда жиналған 1 мың 168 бірлік автокөлік сатылды. Көш басында Hyundai Elantra, Toyota Fortuner, SsangYong Nomad, Skoda Rapid, Iveco 682 Tipper, Peugeot 301.

Сонымен қатар Ресейден әкелінетін автокөліктердің саны наурыз айымен салыстырғанда 8,33%-ға артты.

Сәуір айында жеңіл автокөліктің орташа бағасы өткен айдың деңгейінде қалды — 18 мың 887 доллар.

«Автокөліктер сатылымының өсімі — Президент бастамасының аясында іске қосылған отандық автокөліктерге арналған жеңілдетілген несие беру бағадарламасының іске асырылуынан болған эффект. Бағдарлама тұтынушылар арасында жоғары сұранысқа ие. Осыған байланысты мамыр айында да бұл сегменттегі сатылым өседі деп болжап отырмыз», — деп мәлімдеді ҚАБҚ президенті Андрей Лаврентьев.