ПАММ шоты дегеніміз не?

ПАММ
Фото: deit.name

ПАММ-шоты (ағылшынша Percent Allocation Management Module, РАММ —  пайыздық бөлуді басқару модулі) — сауда-саттық шотының жұмыс істеуінің нақты механизмі, қаржы нарығында операциялар жүргізу үшін таңдалған сенімді басқарманың саудадағы шотына қаражат аудару процесін жеңілдетеді.

ПАММ шотындағы қаржы басқарушының шотына аударылмайды. Басқарылатын шот сенім білдірушінің яғни инвесторға тиесілі болады. Басқарушы ПАММ шотынан сенім білдірушінің ақшасын шешіп ала алмайды. Ол өзінің жеке шотындағы қаражатты жұмсауға тәуекел жасай отырып, операцияны жүргізуге қатысады. Осы арқылы жауапсыз басқару ықтималдығы азаяды. Барлық сауда операциялары инвестор шотында қайталанады. Егер инвестордың депозиті басқарушы депозитінен 2 есе көп болса, ендеше көшірілетін мәмілелер мөлшері де 2 есе болады.

Әдетте сенімді басқарушы ретінде өзінің келісімі туралы статистиканы жариялап отыратын және өз қаржысын басқаруды сеніп тапсыратын инвесторларға қызмет көрсететін трейдер қатысады. Бір трейдерде бірнеше ПАММ шоты болуы мүмкін.

ПАММ шоты арқылы пайда табуға ешқандай кепілдік берілмейді. Бұл жүйенің басты мақсаты — өзінде ПАММ шоттың автоматты мониторингі бар басқарушы мен сенім білдіруші арасындағы әрекетті техникалық тұрғыдан жеңілдету.


Құрметті оқырман! Егер банктерге қатысты (несие, проблемалық несие, несие картасы, депозит, банктер туралы жалпы банк, қаржы саласына қатысты) сұрақтарыңыз болса, бізге жолдаңыз, біз банк мамандарын қатыстыра отырып, жауап береміз. Үлкен мәселе болса Журналистік зерттеу жүргізуге дайынбыз. Сұрақтарыңызды info@7kun.kz почтасына немесе WhatsApp арқылы +7 700 973 8377 телефон нөміріне жолдауды сұраймыз.