«Павлодар» АЭА-да жаңа өндіріс іске қосылуы мүмкін

16
зауыт
Фото: dribbble.com

Алматы. 19 желтоқсан. 7kun.kz — «Павлодар» АЭА-да 1,5 млрд теңгеге электр станцияларының қалдықтарынан алюмосиликатты микросфераны алу бойынша зауыт салынуы мүмкін.

Павлодар облысының индустриалды-инновациялық даму басқармасының хабарлауынша, жоба KazCenosphere’s, Kusto group, ERG және ресейлік инвесто қаражаты есебінен жүзеге асырылып жатыр.

«Инвестиция көлемі шамамен 1,5 млрд теңгені құрайды. Жобаның қуаттылығы — жылына 7 мың тонна өнім. Іске асыру мерзімі — 2020 жыл», — деді мекемеде.

Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Құрылыс-монтаж жұмыстарының басталуы келесі жылдың сәуір айына жоспарланған.

«Бастамашы алюминосиликатты микросфералардың тұрақты жеткізілуін қамтамасыз ету үшін тұтынушыларды қолдау қызметін дамыту арқылы ТМД және Еуропалық Одақта өзінің коммерциялық және технологиялық өкілдіктерін дамытады», — деп түйіндеді басқармада.