АймақЖаңалықтарПавлодар облысыТаңдаулы1

Павлодар облысында алаяқ тойға несие алып, қалыңдығынан қашып кеткен

Алматы. 9 қаңтар. 7kun.kz – Екібастұзда 25 жастағы ер адам қыздармен әлеуметтік желі арқылы танысып, олармен романтикалық қарым-қатынас орнатып, сенімдеріне кірген. Содан кейін оларды тонаған, деп хабарлайды Павлодар облысының ІІБ.

Осылайша, бұндай жағдаймен бірнеше қыз полицияға шағымданған.

Бірінші құрбанымен ол әлеуметтік желіде танысқаны анықталды. Кейіннен ол қыздың сеніміне кіріп, оған көңіл бөле бастаған. Ақыры аяғында қыз оны үйіне шақырғанда, жігіт қыздың үйін тоңап, үштүгейлі жоқ болған.

Кейінірек полицияға шағымымен тағы бір қыз келген. Ол бір жігітпен интернет арқылы танысқанын айтады. Көп ұзамай жігіт оған үйленуге ұсыныс жасап, несие алуға көндірген. Ақшаны алған соң, күйеу жігіт сол арада жасырынған.

 Қазір полиция қызметкерлері Салық Қағбатолла Қабдоллаұлы есімді күдіктінің тұратын жерін іздестіріп жатыр.

«Егер кімде-кім күдікті жайында, оның тұратын мекен-жайы туралы хабардар болса, не оның құрбаны болса, Екібастұздың ІІБ кезекшілік бөліміне қоңырау шалуларыңызды 102, 8 (7187) 75-06-06 немесе ватсап желісіне хабарлама жазуларыңызды сұраймыз +77077004056», — делінген ІІБ хабарламасында.

Tags

Осы айдарда

Close