Павлодар облысының кәсіпорындары 950 млн теңге үнемдеді

553
Павлодар облысының кәсіпорындары 950 млн теңге үнемдеді

Павлодар облысында 2014 жылы энерготиімділікті арттыру мақсатында облыс кәсіпорындары 96 шараны жүзеге асырған. Бұл 105 мың шартты отынды үнемдеуге мүмкіндік берген.

«Экономикалық әсері 946,8 млн теңгені құрады», — дейді конференция барысында энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы төрағасының жетекшісі Ербұлат Бәкішев.

Оның айтуынша, ірі энергоресурс тұтынушыларының шамаларын анықтау үшін энергоаудиттер өткізіліп басталған. Қазіргі таңда 5 кәсіпорында — «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Қазақстан алюминийі» АҚ, «Қазэнергокабель» АҚ, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ энергоаудит жұмыстары аяқталған.

Ағымдағы жылы аталған жұмыс түрі тағы 10 кәсіпорында аяқталады. Е.Бәкішевтің айтуынша, облыстың 7 кәсіпорны энергоменеджмент халықаралық стандартына сәйкестендіру сертификаттық аудитінен өткен. Қалған 3 кәсіпорында енді енгізілмек.

«Одан бөлек, облыстың бюджеттік мекемелерінің мемлекеттік сыңайлы 446 нысанында жалпы құны 183,4 млн теңгеге энергоаудит жүргізілді.

Бюджеттік секторда 35 мың шаршы метр терезе жақтауы ауыстырылып, 125 мың шаршы метр жабынды қайта жөнделіп, 66 мың шаршы метр сыртқы қабырғаларға жылу өткізілді. Нәтижесінде 485,5 мың кВт/сағат және 1 735,6 Гкал үнемделді», — дейді Бәкішев.