Павлодарда кальцийленген сода өндіретін зауыт салынады

сода
Фото: furnishhome.ru

Алматы. 8 мамыр. 7kun.kz – Павлодардың солтүстік өнеркәсіптік ауданында кальцийленген сода өндіретін зауыт салу жоспарлануда.

Өңірлік индустриялық-инновациялық даму басқармасынан хабарлағандай, шикізат кәсіпорынға ас тұзы мен әктас кен орындарынан түсетін болады.

«Қазіргі уақытта техникалық-экономикалық негіздемеге мемлекеттік сараптама және қоршаған ортаға әсерді алдын ала бағалау жүргізілді. Сыртқы желілер мен инфрақұрылым салынды», — деп қосты ведомствода.

Кәсіпорын жылына 200 мың тонна А маркалы (бірінші сұрыпты) сода өндіретін болады.

Сонымен қатар, олар ішкі нарықта өнімнің барлық көлемін сатқысы келеді. Басшылық Ресейдің шекаралас өңірлері де шикізат сатып алуға мүдделі екендігін атап өтті.

«Қазақстандық нарықта кальцийленген сода қажеттілігі жылына 400-450 мың тоннаны құрайды», – деп атап өтті басқармада.

Айта кетейік, бұл өнім көптеген салаларда, атап айтқанда, химия және металлургия өнеркәсібінде және шыны өндірісінде қолданылады.