Павлодардағы «Рахмет» базары сатылмай қалды

«Рахмет»
Фото: rafichowdhury.com

Алматы. 9 шілде. 7kun.kz – Павлодардағы «Рахмет» gosreestr.kz сайтында сауда арқылы сатылмай қалды.

Электрондық аукцион басталған сәтте аукцион залында сату объектісі бойынша бір ғана қатысушы тіркелді.

Сауда-саттықты бастау жоспарланған ең төменгі баға – 501,2 млн теңге. Аукционға қатысу үшін 75,1 млн теңге көлемінде кепілдік жарна төлеу қажет.

Нысан «Шарзен» ЖШС-ке тиесілі.