Пекинде полиция қызметкерлері ақылды көзілдіріктерді сынақтан өткізе бастады

ақылды
Фото: Хайтек

Алматы. 13 наурыз. 7kun.kz — Қытайда полиция қызметкерлері келбетіне қарап тану функциясына ие ақылды көзілдіріктерді Пекин шетіндегі бақылау бекеттерінде тестілеуден өткізе бастады, деп хабарлады Reuters.

Smart көзілдіріктер адамдардың бет ерекшеліктерін бірден танып, тіркелген көлік нөмірін анықтай алады. Сосын оларды құқық бұзушылардың дерекқорларымен байланыстылығын тексереді. Егер ақпарат сәйкес келген жағдайда, көзілдірік ескерту белгісін береді.

Қазіргі уақытта Қытайда азаматтарды бақылаудың күрделі жүйесін дамытуға байланысты халықта алаңдаушылық күшейген. Бірақ  LLVision  директоры Ву Фэй пікірінше, адамдарға құпиялылық жайлы алаңдаудың қажеті жоқ.

«Біз үкіметке сенеміз», — деді Ву Фей Reuters агенттігіне.

Қытай билігі жаңа құрылғыны тек «игі мақсатта»  яғни қылмыскерлерді ұстап, жазалау үшін пайдаланатындығына LLVision атқарушы директоры сенеді.

Қания Табыс

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!