Польшаға қалай бару керек?

Польша
Фото: tourister.ru

Турист әліппесінің келесі объектісі — Польша. 7kun.kz редакциясы Орталық Еуропада орналасқан, жерінің 90 пайызынан астамы жазық дала болып саналатын Польша мемлекетіне саяхаттайтын туристерге  керек  мәліметтерді ұсынады.

Астанасы — Варшава қаласы. Варшава (Warszawa) атауы Wars атты балықшы мен оның әйелі  Szawa атты су пересінің аттарының бірігуі нәтижесінде пайда болған делінеді. Су перісі Саваның бейнесі Варшаваның рәмізіне айналған.

Жалпы жер аумағы–  312 679 км²

Халқы-38 483 957адам (2014)

Үлкен қалалары- Лодзь (Lodz), Краков (Krakow),

Вроцлав (Wroclaw), Познань (Poznan), Люблин (Lublin).

Ақша бірлігі – злота.  1 (PLN) = 80.33 (KZT)

Өзге елге саяхат тауды жоспарлағанда билет алу, қонақүй таңдау шаруалары өзекті мәселелер. Польшаға Қазақстаннан Астана-Варшава, Алматы – Варшава, Алматы-Мәскеу – Варшава бағытында жете аласыз.  Алматы-Мәскеу – Варшава  бағытында бару келу «Аir astana» әуе компаниясы бойынша, шамемен  120 000 мың теңге.  Ал Алматы – Варшава  бағытына бір апта лық саяхатқа  бару келуімен  95 200 теңгеден 130 000 теңге аралығында  билет таба аласыз.  Ал билетті бір ай алдын алатын болсаңыз , билет бағасы  95 200 теңгеден 100 000 теңгеге дейін болады.

Астанамен уақыт арақашықтығы: -5 сағат

Варшава қаласында бір күнге  баспананы жалға алу үшін бір адамға төленетін қаржы сомасы төмендегідей

1-2*  қонақүй (Ibis Budget Warszawa Centrum) – 2 500 тг

3* қонақүй (Gromada Airport)– 9 600 тг

Хостел (WDj Hostel)-2 400 тг

Пәтер(Private room in City Center)- 6 800 тг

Ауа райы

Қаңтар айында температура теңіз жағалауында және батысында 1⁰С ; таулы өңірінде 6⁰C;   шілдеде 17⁰C, таулы өңірде 10 — 14⁰C.  Жылдық жауын шашынның орташа мөлшері 500 — 1000 мм.

Транспорт

Варшавадағы қоғамдық көліктер 5:30 ден 23:00 дейін жүреді. Польшаның бірнеше қаласында- автобус, трамвай, троллейбустар жұмыс істейді. Сондай-ақ , Варшавада метро бар.

Жол жүру ақысы:

1 күнге, шамамен — 700 – 1 200 тг

3 күнге — 1 900-3 000 тг

30 күнге — 7 600-12 500 тг

Польшада велосипед тебушілерге ерекше жағдай жасалған.  Тротуарлар екі бөлікке бөлініп, бірінде – жаяу жүргіншілер, бірінде–велосипедшілер  жүреді.

Ескі қаланың базар алаңы (Rynek Starego Miasta)-ұзақ жылдар бойы Варшавалықтардың маңызды кездесулері өтетін әрі ірі сауда орталықтарының орналасқан орны болған. Мұнда суретшілер , музыканттар секілді өнер  иелері сіздің зерігуіңізге жол бермейді. Варшаваның рәмізіне айналған су перісінің мүсіні де тарихи қаланың орталығында орналасқан . Сондай-ақ , мұнда поляктардың ұлттық тағамдарын жасайтын  ресторандар мен түрлі сауда орталықтары орналасқан.

Құлыпты алаң (Plac Zamkowy) – Варшаваның ең ірі орталықтарының бірі. Мұнда варшавалықтар Ресейдің Қызыл алаңы секілді жаңа жылды қарсы алып, түрлі саяси кездесулерді өткізеді.

Королдік сарайы (Zamek Królewski w Warszawie)- Сигизмунд ІІІ  королі 1598—1618 жылдар аралығында салдырған . Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде немістер Варшаваның тарихи ғимараттарын бұзғанда бұл сарайда қирандыға айналған. Қазіргі таңда қайта қалпына келтіріліп, Рембрандт пен Яна Матейконың картинкалары қойылған музей жұмыс істейді.

Варшавалық гетто( Getto warszawskie) — екінші дүниежүзілік соғыс кезінде  еврей  ұлты Еуропа елдеріне қоныстанды.  Варшавадағы Мирув және Муранув аудандарында еврейлер көп орналасқандықтан немістер гетто қабырғасын ұйымдастырған. Мұнда,шамамен, 450 мыңдай тұтқын болғай делінеді. Бұл тарихи оқиға жайлы Роман Поланскидің  «Пианист» киносында баяндалады. Қазіргі таңда бұл геттолар  Злота және  Щенна көшелерінде қалған . Аталмыш көше кеңестік кезеңді еске түсіреді.

Вилянувтық сарай (Pałac w Wilanowie)  — барокко стилінде 1677—1698  жылдары салынған варшавалықтардың  мақтан тұтар архитектурасы. Соғысқа дейін бірнеше сәулетті ғимараттар қиратылып, соғыс біткеннен соң ғана қалпына келтіру мүмкін болған. Бұл сарайда қазір музей ұйымдастырылған. Бірінші қабатынан польшалықтардың атақты тұлғалары мен батырларының картиналарын көре аласыз.

 Прага ауданы (Praga)-1791 жылға дейін Прага жеке қала болып келді.Қазір Варшаваның ескі ғимараттар сақталған ауданы болып табылады. Мұнда Александре II билеп тұрғанда салынған  Мариия Магдалена шіркеуін көре аласыз. Сондай-ақ бұл ауданда Варщавалық зоопарк, Пражский паркі бар.

 Мәдениет және ғылым сарайы  ( Pałac Kultury i Nauki) -бұл  Кеңес одағының польшалықтарға тартқан сыйы. Өткен ғасырдың ортасында үш мыңдай ресейлік құрылысшылар 3  жыл бойы салған ғимарат. Қазіргі таңда ол Европаның ең биік және Польшаның ең  үлкен мәдени орталығы болып саналады. Бұл сарайдың бұзылу не сақталу жайы польшалықтардың соңғы 20 жылында  қозғалып жүрген мселесі екен. Соған қарамастан сталиндік архитектура әлі күнге дейін сақталып тұр.

Сондай – ақ  Лодзь қаласы 2000-шы жылға дейін польшадағы  ірі қалалар тізімінде  Варшавадан кейін екінші орында тұрған. Аталған қалаға барсаңыз тарихи және Лодзь қаласының құрылуы көрсетілген мұражайларды тамашалай аласыз.

 Price of Travel порталының рейтингі бойынша, Польша Европадағы  бағасы ең арзан елдер тізімінде бесінші орында болса, Варшава мен Краковтай екі бірдей қаласы оныншы орында тұр.

Төтенше жағдайлар кезінде қажет болатын нөмірлер:

Полиция: 997

Өрт сөндіру: 997

Жеделжәрдем: 999

Асханасы

Поляктар капуста мен еттен жасалған өнімдерге көп назар аударады.  Польшаға барған жағдайда ұлттық тағамы бигостан  және журек  атты сорпасынан  дәм татыңыз.  Ал таулы аймақтағы тұрғандардың ұсынатын  ішімдігі- гжандық шарап. Поляк халқы сыраны көп тұтынушы елдер қатарында. Жыл сайын өткізілетін  Chmielaki Krasnostawskie  сыра фестивалі де бұл сөзіміздің дәлелі.                                

Шоппинг

Варшавада әлемдік брендтегі киімдер мен техникаларға көптеген жеңілдіктер болып тұрады.  Соның ішінде  Blue City, Arkadia, Galeria Mokotow  және Złote Tarasy секілді сауда орталықтары халықтың сұранысына ие.  20 желтоқсаннан бастап рождествоға дейін 20-50 пайыз, рождестводан соң 80 пайызға дейін жүреді. Сондай-ақ  қаңтар мен шілде айларында көптеген сауда орталықтарында жеңілдіктер жасалынады.

Варшавадағы дүкендер желісінің жұмыс графигі   жұмыс күндері  9:00 ден 17:00-19:00 дейін, ал демалыс күндері , 9:00  ден 14:00 дейін, ірі сауда орталықтары  9:00 ден  22:00 дейін жұмыс істейді.

Зүбайра ЖОРАБЕК «7»