Прейманис: ЕҚДБ-ның «Бизнестегі арулар» бағдарламасы тиімді нәтиже көрсетті

Бизнестегі арулар

Астана. 16 мамыр. 7kun.kz — ЕҚДБ әйелдер кәсіпкерлігін қолдау бағдарламасының қорытындысы шықты. Нәтиже Алматыда «Бизнестегі арулар» конференциясында талқыланды.

Конференцияға Ұлттық экономика министрлігі, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, әріптес қаржылық институттар және Түркия, Канададан сарапшылар қатысты.

«Бизнестегі арулар» бағдарламасын ЕҚДБ және Қазақстан Республикасының үкіметі қаржыландырады. Бағдарлама әріптес қаржылық институттарға несие және несиелік тәуекелдерді басқаруды және ШОБ жұмыс істегенде кепілдендіру әдістерін жақсарту, тиімділікті бағалау және есептеу әдістерін жақсарту, несие менеджерлерін ШОБ-мен жұмыс істеуді үйрету секілді техникалық қолдау береді.

Қазақстан үкіметі бағдарламаға 8,2 млн доллар көлемінде қаржы бөлді. Бағдарлама 2015 жылы іске қосылғаннан бастап ЕҚДБ 88 кеңес беру жобасын жүзеге асырды (2015 жылы 8 жоба, 2016 жылы 45 жоба, 2017 жылы 35 жоба).

Агрис Прейманис, ЕҚДБ Қазақстандағы директоры: «ЕҚДБ «Бизнестегі арулар» бағдарламасын Қазақстан үкіметінің белсенді қолдауымен жүзеге асырып келеді. Бағдарлама аясында біз кәсіпкер аруларға біліктілігін арттыруға, жаңа білім және қаржыландыру алуға мүмкіндік береміз. Нәтижесінде кәсіпкер арулар басқаратын шағын және орта бизнес бәсекеге қабілетті бола алады. Үкімет пен бизнес заманауи экономиканы ерлер мен әйелдердің таланты мен әлеуетін толық пайдаланбай елестету мүмкін емес екендігімен келіседі. Бағдарлама айтулы нәтижелерге қол жеткізгені бізді қуантады» — деп атап өтті.

Сонымен қатар, бағдарлама аясында төрт әріптес қаржы институты кәсіпкер аруларды қаржыландыруға ұлттық валютамен 45 млн доллар көлемінде несие алды. Олар «БанкЦентрКредит» (20 млн доллар), «Шинхан Банк Казахстан» (5 млн доллар), МФО KMF (10 млн доллар) және «ФортеБанк Казахстан» (10 млн доллар).

ЕҚДБ кәсіпкер аруларға «Іс-әрекеттегі басшылық», «Маркетингтегі сандық технологиялар», «Қаржы менеджментінің кілті», «Кәсіпкерден кәсіпорынға дейін» атты тренингтер мен семинарлар ұйымдастырды.

2017 жылдың ақпан айында «Қазақстанның кәсіпкер аруларына арналған тәлімгерлік» бағдарламасы іске қосылды. Тәлімгер ретінде Қазақстанда бизнес жүргізу бойынша ауқымды тәжірибесі бар 28 жетекші кәсіпкер таңдалды. Өткізілген сауалнама бойынша қатысушылардың 86 пайызы бағдарламаға жоғары қанағаттаннушылық көрсетіп, 76 пайызы өздерінің тәлімгерлерінің жоғары біліктілігін атап өтті.

«Бизнестегі арулар» бағдарламасы 2015 жылы қараша айында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту мақсатында іске қосылды. Қаржымен қоса ЕҚДБ әйелдер басқаратын шағын және орта бизнеске ноу-хау және бизнесті дамыту бойынша қаржылық емес қызметтер алуға мүмкіндік береді.