Астана. 9 қараша. 7kun.kz — ҚР Ұлттық экономика министрлігі Қазақстанда бәсекелестікті дамыту бойынша қадамдарды белсенді түрде жүзеге асыруы қажет. Бұл туралы үкімет отырысы кезінде премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді деп жазады үкімет басшысының ресми сайты.
Отырыс барысында ҚР ұлттық экономика министрі Қ. Бишімбаев баяндама оқып, бәсекелестікті дамыту мақсатында салалық заңдарға «ревизия» жүргізуді ұсынды.
«Жалпы министр өз баяндамасында жан-жақты қамтыды, бірақ маған оның «бәлкім, пісіп жетілген шығар» (қажеттілігі. — АА) деген сөзі ұнамады – пісіп жетілді ме, жоқ па, ойланбай, әрекет ету керек. Мемлекет басшысы Үкіметке еркін дұрыс бәсекелестікке жағдай жасауды және монополияға қарсы органның қызметтерін күшейтуді тапсырды, бұл орындалды, сіздерге барлық өкілеттік берілді, сіз бүгін ЭЫДҰ стандарттары бойынша жұмыс жасап жатқандарыңызды баяндадыңыз, ендеше әрекет етіңіздер. Анық нәрсені айтып тұрсыз, көмірге қатысты мәселе бар дейсіз, мұны бүгін ғана білдіңіз бе? Әлде электр энергиясы бойынша жағдай осындай екенін бүгін ғана білдіңіз бе? Бұл баршаға мәлім, шаралар қолдану қажет», — деді жауап ретінде Б.Сағынтаев.