
Алматы. 6 шілде. 7kun.kz - Н.Назарбаев «Мемлекеттік білім жинақтаушы жүйесінің кейбір заң актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу» туралы заңға қол қойды, деп хабарлайы Ақорданың баспасөз қызметі.
Депутаттар бастамашы болған заң азаматтардың екінші деңгейлі банктерде білім үшін қаржы жинауын құқықтық тұрғыдан реттейді.
Атап айтқанда, мемлекеттік білім жинақтаушы жүйесіне қатысушылар тізіміне БҒМ балалар құқығын қорғау комитетін қосу қарастырылды. Бұл ата-анасыз қалған балалар мен жетімдердің мемлекеттен сыйақы алуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, мемлекеттік білім жинақтаушы жүйесіне салынған қаражатты бұғаттау, білім салымдарының тұтастығына кепілдік беру де қарастырылған.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024