ЖаңалықтарТаңдаулы1Таңдаулы2Экономика

Қаңтар-тамызда бөлшек сауда көлемі 6261,3 млрд теңгені құрады

«Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 105,8%-ды құрады.

Алматы. 13 қыркүйек. 7kun.kz – 2018 жылғы қаңтар-тамызда «Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 105,8%-ды құрады.

Атап айтқанда бөлшек сауда көлемі 6261,3 млрд теңгені құрап, 2017 жылғы тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 6,5%-ға артты.

Ал, көтерме сауда көлемі 13238,3 млрд теңгені құрап, 2017 жылғы тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 5,4% артты.

Ағымдағы жылы қаңтар-шілдеде сыртқы сауда айналымы 51944,4 млн АҚШ долларын құрап, 2017 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 20,1%-ға артты, соның ішінде экспорт – 34005,6 млн АҚШ долларын (26% көп), импорт – 17938,8 млн АҚШ долларын құрады (10,3% көп).

Tags

Осы айдарда

Close