Қарағандыда зәулім үйде тұратын отбасы АӘК алып келген

96
3
Фото: bnews.kz

Алматы.  21 қазан. 7kun.kz — Қарағандыда АӘК (атаулы әлеуметтік көмек) алатын және үш қабатты коттеджде тұратын отбасы анықталды. Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсем Жүнісбекова мәлімдеді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

«Қарағанды ​​қаласында 8 бала тәрбиелеп отырған көпбалалы отбасы 2019 жылғы мамыр айында АӘК тағайындауға өтініш білдірді. Отбасына ай сайын жалпы сомасы 105 мың 843 теңгені құрайтынь2 млн 339 мың 688 теңге көлемінде әлеуметтік көмек тағайындалды. Біздің басқарманың жүргізген АӘК тағайындаудың заңдылығын тексеру кезінде бұл отбасы жалпы ауданы 100 шаршы метрден асатын үш қабатты коттеджде тұратындығы анықталды. Оның үстіне, жеке меншігінде көлігі бар, яғни олардың тұрмыс жағдайы жеткілікті. Аталған отбасына қайта есептеу жүргізіліп, нәтижесінде оларға АӘК тағайындаудан бас тартылды», – деді Әсем Жүнісбекова.

Қарағанды облысы бойынша барлығы атаулы әлеуметтік көмек төлеу 92 отбасына уақытша және 890 отбасына мүлде тоқтатылды.1621 отбасына қайта есептеу жүргізілді.

Айта кетейік, АӘК тағайындаудың және төлеудің дұрыстығына мониторинг жүргізу нәтижесінде 74 мыңға жуық атаулы әлеуметтік көмек алушы табыс туралы дұрыс емес мәліметтер ұсынғаны анықталды.