Қарағандыдағы мыс кеніші 5 млрд теңгеге жуық инвестиция тартты

37
мыс
Фото: turbina.ru

Алматы. 16 мамыр. 7kun.kz – Қарағанды облысындағы Спасск мыс кен аймағының геологиялық барлау жұмыстарына 4,7 млрд теңгеден астам қаржы инвестицияланды. Бұл туралы «Тау-Кен Самұрық» АҚ хабарлады.

Ұлттық компанияның хабарлауынша, жер қойнауын пайдалануға келісім-шарт 2022 жылға дейін жарамды.

«2019 жылдан бастап 2022 жылға дейін геологиялық барлауға жұмсалған инвестиция көлемі 1,17 млрд теңгені құрайды, ал жобаны іске асыру басталғаннан бері 3,6 миллиард теңге қазірдің өзінде жұмсалды», — деп толықтырды компания.

Сонымен қатар, ұйымда бұл учаскеде 98,5 мың тонна мыс пен 109 тонна күміс бар екенін атап өтті.

«C2 + P1 санаттары бойынша болжамды ресурстар 735 мың тонна мыс пен 5 тонна алтынды құрайды», — деп түсіндірді ұлттық компанияда», — деп түсіндірді ұлттық компания.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Спасск мыс кен аймағында геологиялық барлау және жобаны іске асыру үшін стратегиялық инвесторды белсенді іздеу жүзеге асырылуда. Өндірілген шикізатты тек Қазақстанда ғана емес, Қытайда, Ресейде және Еуропалық Одақ елдерінде де сату жоспарланып отыр.