ЖаңалықтарТаңдаулы1

Қарашығанақта газ өндірісі шектелмейтін болды

Қарашығанақ кенорны толық өндіріс қуаттылығында жұмыс істейтін болды.

Алматы. 14 қыркүйек. 7kun.kz – 2018 жылдың 13 қыркүйегінде Қарашығанақ кен орнында газ өндіру көлемін шектеуі алынып тасталды. Осындай келісімді «PSA»ЖШС, Эни, Шелл, Шеврон, Лукойл мен ҚазМұнайГаз компаниялары өзара жасады, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігі.

Газ өндірісін шектеуді алып тастаудың аясында Қарашығанақ кенорны толық өндіріс қуаттылығында жұмыс істейтін болды. Бұл жоба бюджеті 1,1 млрд долларды құраған ең ірі инвестициялық жоба. Ол Қазақстанға 2037 жылға дейін 3,2 млрд доллардан астам пайда табуға септігін тигізеді.

Аталған жоба аясында тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуда қазақстандық қамтамасыз ету үлесі 40% және қызметкерлерді жұмысқа алу барысында 75% құрайтын болады.

Сонымен қатар, жоба жылына 4 млрд м3 шикі газды қосымша өңдеуге мүмкіндік береді. Аталған көгілдір отынның көлемі көмірсутегі өндірісін барынша арттыру үшін қыртысқа қайта құйылатын болады.

Tags

Осы айдарда

Close