Қаржы министрлігі KASE-де 50 млрд теңге тартты

31
теңге
Фото: liter.kz

Алматы. 4 маусым. 7kun.kz – Еліміздің Қаржы министрлігі өзінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерін орналастырды және KASE-де 50 млрд теңге тарты. Бұл туралы KASE сайтында хабарлады.

Бұл ретте жылдық 8,52%-дық өтеуге кірістілігі бар алтыншы шығарылымның (KZK00000964) 156-МЕУКАМ қазынашылық міндеттемелері орналастырылды.

Міндеттемелер бойынша өтелгенге дейінгі мерзім 11,9 жылды немесе 4 297 күнді құрады. Жарияланған орналастыру көлемі — 50 млн дана.

Бұрын жүргізілген орналастыруды ескере отырып, алтыншы шығарылымның МЕУКАМ-156 толық көлемі 250,3 млрд теңге номиналдық құны сомасына 250,3 млн облигацияны құрады.