Қасымбек бизнес үшін жеңілдіктер сұрады

Қасымбек
Фото: turkystan.kz

Алматы. 9 шілде. 7kun.kz – «Қарапайым заттар экономикасы» жобасын жүзеге асыру салық түсімдерін 6,6 млрд теңгеге ұлғайтады. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.

Оның айтуынша, 4 шілдеде жобалық кеңсенің жұмысында 1 трлн теңгеден астам сомаға 1,5 мың жоба бар, бұл республика бойынша барлық әлеуетті қатысушылардың 30% — ға жуығын құрайды.

«Оның ішінде 41 млрд теңгенің 92 жобасы мақұлданды, банктерде 280 млрд теңгеден астам сомаға 166 жоба қаралуда. Мақұлданған жобалардың 29-ы жаңа өндірістер құруды, 63-і жұмыс істеп тұрған өндірісті кеңейтуді көздейді. Оларды жүзеге асыру 2 мың жұмыс орнын құруға және салық түсімдерін 6,6 млрд теңгеге арттыруға мүмкіндік береді», — деді вице-премьер.

Сонымен қатар, ол соңғы айда мақұлданған жобалар саны екі еседен астамға артқанын атап өтті. Олар негізінен азық-түлік секторында, қызметтерде, агроөнеркәсіптік кешенде және жеңіл өнеркәсіпте ұсынылған.

Оның айтуынша, Ақмола, Маңғыстау және Павлодар облыстары, сондай-ақ Алматы қалалары белсенді. Ал, Нұр-Сұлтан қаласы, Атырау, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстары белсенді емес екенін атап өтті.

«Сонымен қатар, бағдарламада бірқатар кемшіліктер бар. Атап айтқанда, бизнес экономикалық қызмет тізбесін кеңейту және АӨК саласындағы жобалар үшін айналым қаражатын толықтыруға кредит бойынша жоғары пайыздық мөлшерлемені төмендету бойынша мәселелерді көтередә бар. Жобалық кеңсенің базасында өңірлер, бизнес және банктер белсенді қолдау көрсететін тиісті ұсыныстар әзірленді. Олардың бірі — АӨК жобалары үшін айналым қаражатына арналған несиелер бойынша субсидиялау көлемін ұлғайту», — деді Қасымбек.

Ол бағдарламаның қолданыстағы шарттарына сәйкес, мемлекеттік субсидияны (5%) ескере отырып, агроөнеркәсіптік кешен субъектісі 10%-ға несие алатынын түсіндірді, бұл басқа бағдарламалармен салыстырғанда бизнес үшін жоғары мөлшерлеме болып табылады.

«Субсидиялар көлемінің ұлғаюы 12 млрд теңгеге 87 жобаны жүзеге асыруға, яғни, бұл 750-ден астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Екінші ұсыныс жеңілдікті несиелер бойынша іс-шаралар тізімін кеңейту. Банктер мен бизнес бағдарламаға жеңілдетілген кредит беру үшін шамамен 48 жаңа саланы енгізуді ұсынады», — деп толықтырды Премьер-Министрдің орынбасары.

Осыған байланысты ол жеңілдікті несиелендіру бағдарламасына өзгерістердің екінші пакеті бойынша Үкімет қаулысын жариялауды жеделдетуді ұсынады. Бұдан басқа, АӨК үшін айналым қаражатын толықтыруға субсидияларды ұлғайту үшін қосымша қаражат бөлуді пысықтау, сондай-ақ мақұлданған бизнес жобалары бойынша субсидиялау шарттарын қайта жасауды қамтамасыз ету.