Qatar Airways жыл соңына дейін Қазақстанға рейстер ашады

11
Qatar Airways
Фото: gagadget.com

Алматы. 8 қараша. 7kun.kz — Qatar Airways әуе компаниясы Қазақстанға рейстерді 2019 жылдың аяғында бастайды, деп хабарлады Азаматтық авиация комитетінде.

Органның мәліметінше, Доха (Катар) қаласында Қазақстан мен Катар авиациялық биліктерінің келіссөздері жүргізілді.

Нәтижесінде, Нұр-Сұлтан мен Доха арасында аптасына жеті рейс, Алматы мен Доха арасында аптасына жеті рейс және жеті жүк рейсі, сондай-ақ Қазақстандағы «ашық аспан» режимін енгізу шеңберінде бесінші «ауа еркіндігі» дәрежесімен тұрақты жеті рейс орындау үшін құқықтық база бекітілді.

«Qatar Airways» авиакомпаниясының аға вице-президенті Фатхи Аттидің ақпараты бойынша, Нұр-Сұлтан мен Доха арасындағы алғашқы рейсті ағымдағы жылдың желтоқсан айында іске қосу жоспарланып отыр. Бұл қазақстандық жолаушыларға әлемнің 160 бағыты бойынша саяхат жасауға мүмкіндік береді.