ЖаңалықтарТаңдаулы1Таңдаулы2

Qazaq Banki салымшыларына өтемақы төлеу тоқтатылды

Қазіргі уақытта банктің 18 246 клиенті өтемақысын күтуде. Өтемақы төлемінің жалпы сомасы 20,4 миллиард теңгені құрайды.

Алматы. 7 желтоқсан. 7kun.kz – Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚКҚ) Qazaq Banki салымшыларына өтемақы төлеуді тоқтатты. Оған себеп, Алматы қаласының мамандырылған ауданаралық экономикалық сотының «Qazaq Banki» АҚ-ты мәжбүрлеп тарату туралы шешіміне 29 қарашада берілген апелляциялық шағымы болды.

Қазіргі уақытта банктің 18 246 клиенті өтемақысын күтуде. Өтемақы төлемінің жалпы сомасы 20,4 миллиард теңгені құрайды.

ҚДКБҚ «Qazaq Banki» АҚ-ның салымшыларына өтемақыны төлеу үшін агент банкті таңдау жөніндегі барлық алдын-ала жұмысты жүргізіп қойды. Берілген апелляциялық шағымды апелляциялық сатыдағы сот қанағаттандырмаған жағдайда, қор және таңдап алынған агент-банкі  келісім жасауға ниетті.

“«Qazaq Banki» АҚ-да орналастырылған теңгедегі және шетел валютасындағы бір салымшы депозиттері бойынша өтемақы 15 миллион теңгеге дейін төленеді, сондай-ақ шетел валютасындағы депозит бойынша – 5 миллион теңге эквивалентінен аспайтын көлемде”, – деп түсіндірді Қордың баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, осы уақытқа дейін  “Qazaq Banki”-нің 27 шілдеде лицензиясынан айырылғанын, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры жеке банктің салымшыларына кепілдік берілген өтемақыны төлеуді жүзеге асыратынын хабарлаған едік.

Tags

Осы айдарда

Close