ЖаңалықтарҚазақстанТаңдаулы1

Қазақстан 1 млрд долларлық инвестициялық жобаларды жүзеге асырады

Алматы. 8 қараша. 7kun.kz — Жамбыл облысында 1 млрд долларға инвестициялық жобалар жүзеге асырылады. Бұл туралы жергілікті әкім Асқар Мырзахметов хабарлады.

ОКҚ баспасөз мәслихаты барысында ол бұл сомаға 13 өндірісті іске қосу жоспарланып отырғанын атап өтті.

Мырзахметовтың айтуынша, шикізаттық емес сектордағы жобаларды іске асыру үшін «Инвесторларға қызмет көрсету орталығының» жұмысы қайта қаралып, күшейтілді.

«Бүгінде бұл салаға құйылған инвестиция көлемі 100 млрд теңгені құрады. 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда инвестиция көлемі 13,3%-ға артты (75,1 млрд.теңге). Бұл ретте инвестициялардың ай сайынғы өсуінің оң үрдісі капиталдың 30%-ын құрады. Бүгінгі таңда облыста шетелдік инвесторлардың қатысуымен жалпы құны 1 млрд доллар болатын 13 жоба жүзеге асырылуда», — деді Мырзахметов.

Tags

Осы айдарда

Close