Қазақстан бәсекеге қабілеттілік рейтингінде 34-орынды иеленді

қабілеттілік
Фото: up.org.ua

Алматы. 29 мамыр. 7kun.kz – 2019 жылы жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингінде Қазақстан 34-орынға ие болды. Мұндай мәліметтерді халықаралық менеджментті дамыту институтының (IMD) Әлемдік бәсекеге қабілеттілікті зерттеу орталығы жариялады.

Қазақстан биылғы жылы Ресей, Италия, Түркия және Украинаны қоса алғанда, 29 елді артта қалдырды. 2018 жылы еліміз 38 орында болды.

Жаһандық бәсекеге қабілеттілік тізімінде бірінші орынды Сингапур иеленді. Екінші орынға Гонконг жайғасты. Үшінші орында – АҚШ. БАӘ алғаш рет көшбасшылардың бестігіне енді.