Қазақстан ЕАЭО елдерінен қанша инвестиция тартты

инвестиция
Фото: knia.ru

Алматы. 27 желтоқсан. 7kun.kz — Қазақстан бір жыл ішінде – 2018 жылдың III тоқсанының басынан бастап 2019 жылдың II тоқсанының соңына дейін Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне 138,4 миллион доллар инвестиция салды.

Одақтың статистикалық деректеріне сәйкес, есепті кезеңде Қазақстан Ресейге 158,1 млн доллар, Беларуське 2,1 млн доллар бағыттады. Армения, өз кезегінде, Қазақстаннан 0,1 млн долларға инвестиция алды.

Қазақстанға салынған инвестицияларға келетін болсақ, ең көп инвестиция салған Ресей: 425,8 млн доллар, одан әрі Беларусь — 13,9 млн доллар, Қырғызстан – 3,3 млн доллар. Бұл ретте ел Қырғызстаннан 21,8 млн доллар көлемінде капитал алды. Осылайша, есепті кезеңде Қазақстанға салынған инвестициялардың көлемі 442,9 млн долларды құрады.

ЕАЭО елдері ішінде инвестициялардың ең үлкен көлемін Беларусь тартты — 533,4 млн доллар. Ресей Одақтағы серіктестерінен 220,2 миллион доллар, Армения 134,2 миллион доллар алды.

Қырғызстан инвестиция көлемі теріс мәнді тіркеген жалғыз ел болды — 31 млн доллар.

Еске сала кетейік, 2018 жылдың үш тоқсанының және 2019 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстан ЕАЭО елдерінен 401,6 млн доллар инвестиция алған.