Қазақстан мен Катар арасында қатынайтын әуе рейстері көбейеді

387

Алматы. 25 мамыр. 7kun.kz — Қазақстанның Катардағы елшісі Асқар Шоқыбаев алдағы уақытта екі ел арасында визаның алынып, жаңа әуе рейстерін шығару жоспары жөнінде хабардар етті. Дохадан Астана мен Алматыға аптасына екі рет қатынайтын рейстер жақын арада пайда болады. Бұл жөнінде informburo.kz хабарлайды.

«Бастапқыда Дохадан Алматыға аптасына 21 рейс жасау секілді біздің тарап үшін тиімсіз ұсыныстар жасалды. Кейіннен ол көлемді 14 рет және 11 рет етіп қысқарттық», — дейді Шоқыбаев.

Елшінің айтуынша, екі ел арасында визалық режим алынып тасталуы мүмкін. Әзірге қазақстандық дипломаттарға Катардың шекарасында визасыз жүруге рұқсат бар. Бірақ қатардағы азаматтарға да алып тастау туралы мәселе қаралу үстінде.