Қазақстан қандай елдерге бидай мен ұн сатады?

бидай
Фото: pttnews.cc

Алматы. 11 қаңтар. 7kun.kz – 2018 жылғы қаңтар-қазанда Қазақстаннан бидай мен меслин экспорты 4,8 млн тоннаны құрады. Бұл көлем 2017 жылдың сәйкес көрсеткішімен салыстырғанда 54%-ға өсті.

Жеткізілген бидайдың жалпы құны 755,7 млн АҚШ долларын құрады, тауарлар экспорты бойынша түсім 53%-ға өсті.

Астықтың ең үлкен көлемі Өзбекстанға – 218,1 млн АҚШ долларына 1,8 млн тонна бидай жөнелтілді. Тәжікстан – 122,1 млн АҚШ долларына 809,9 мың тонна, Қытай – 76,8 млн АҚШ долларына 443,3 мың тонна, Италия – 60,4 млн АҚШ долларына 296 мың тонна, Түркия – 56 млн АҚШ долларына 269,1 мың тонна, Ауғанстан – 46,9 млн АҚШ долларына 279,4 мың тонна астық сатып алды.

Өз кезегінде Әзербайжан 37,3 млн долларға 215,8 мың тонна, ал Түркіменстан – 30,1 млн долларға 19,1,3 мың тонна бидай сатып алды.

Қазақстан 10 айда 1,8 млн тонна ұнды 349,4 млн долларға сатқан.

Бұл тауардың негізгі сатып алушылары Ауғанстан (221,5 млн долларға 1,1 млн тонна) және Өзбекстан (91,1 млн долларға 541,2 мың тонна) болды. Сонымен қатар, Түрікменстанға 52,3 мың тонна (14,1 млн доллар), 34 мың тонна Тәжікстанға (6,5 млн долларға), Қырғызстанға 23,6 мың тонна (5,6 млн доллар), Ресейге 21,2 мың тонна (4,4 млн доллар) және Қытайға 21,1 мың тонна (5,4 млн доллар) экспортталды.