Қазақстан Ресейге жалға берген жердің бір бөлігін қайтарады

77
жер
Фото: yandex.com

Алматы. 6 қараша. 7kun.kz — Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров «Байқоңыр» кешеніне тиесілі 11,6 мың гектар жер жалға берілмейтіндігін мәлімдеді.

«Жалға беруден төрт жер телімі шығарылады. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 1994 жылғы 10 желтоқсандағы «Байқоңыр «кешенін жалға беру шартына өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын таныстыра отырып, 1740 гектар жер телімі Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Төретам кентінің мәселелерін шешу үшін жалға беруден шығарылады», — деді Сапархан Омаров.

Ауыл шаруашылығы министрлігі басшысының айтуынша, көлемі 9 950 гектар екі учаске Батыс Еуропа — Батыс Қытай халықаралық транзиттік дәлізін, Алматы — Мәскеу темір жолын және «Бейнеу – Шымкент» газ құбырының желілік бөлігін салу және пайдалану үшін шығарылады.

«Бұл учаскелерді шығару Ресей тарапынан жалдау ақысын қысқартуды көздемейді», — деп ескертті Сапархан Омаров.

Жарияланған деректерге сүйенсек, ғарыш айлағындағы жер үшін жалдау РФ-на бөлінген алаңда 4,7 мн гектар. Оның ішінде «Байқоңырдың» жеке учаскесі 1,5 млн гектар.