Қазақстан ТОП-10 бензині арзан елдер қатарына кірді

Қазақстан
Фото: total.kz

Алматы. 27 желтоқсан. 7kun.kz — Қазақстан бензиннің арзандауы бойынша әлемде 9-шы орынға ие болды, оны Globalpetrolprices мәліметтері куәландырады.

2019 жылғы 23 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстанда отын құны 45 цент болды (шамамен 170,4 теңге). Республика Түркіменстан (43 цент) мен Әзірбайжан (47 цент) арасында орналасқан.

Көршілес мемлекеттерге келетін болсақ, Өзбекстан 18 орынға (56 цент), Қырғызстан 22 орынға шықты (62 цент), Ресей 73 цент құнымен 28 орынды иеленді. Ал Беларусь 38-ші орынға дейін төмендеді (83 цент).

Globalpetrolprices ақпараты бойынша, бүкіл әлем бойынша бензиннің орташа бағасы бір литр үшін 1,11 долларды құрайды.

Бензин бағасының төмендеуі рейтингінде алғашқы орындар Венесуэлаға (1 центтен аз), Иранға (11 цент) және Суданға (17 цент) тиесілі болды.

Ал әлемдегі ең қымбат бензин құны Монакода (1,91 доллар), Исландияда (1,93 доллар) және Гонконгта (2,3 доллар) тіркелді.