Қазақстан үшінші елдерден ет импортын үш есе қысқартты

импортын
Фото: vizita.si

Алматы. 9 шілде. 7kun.kz – Қазақстан Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) кірмейтін елдерден мұздатылған ет импортын үш есеге қысқартты.

2019 жылдың қаңтар-мамыр айларында Қазақстан ЕАЭО-ға кірмейтін елдерден мұздатылған етті 8,5 млн долларға сатып алды.

Бұл ретте жеткізушілердің арасында ең көп үлесті Украина алады, аталмыш Қазақстанға мұздатылған етті 7,9 млн долларға сатқан. Сондай-ақ, экспорттаушылардың арасында Парагвай (316,5 мың доллар), Польша (302,1 мың доллар) және Италия (5 мың доллар) бар.

2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда, Қазақстан бұл өнімді 12,6 млн долларға импорттағанда, жеткізілімдер 33%-ға қысқарды. Сол кезде Украинадан мұздатылған ет 9,5 млн долларға, Парагвайдан – 2 млн долларға, Польшадан – 358,8 мың долларға, АҚШ – 348,7 мың долларға, Аргентинадан – 206,1 мың долларға, Колумбиядан – 192 мың долларға және Венгриядан – 69 мың долларға жеткізілді.