Қазақстанда 1,5 млрд теңгеге зауыт салынады

30
зауыт
Фото: versiya.info

Алматы. 29 наурыз. 7kun.kz – Қостанай облысында 1,5 млрд теңгеге белсендірілген көмір өндіретін зауыт құрылысы басталады, деп хабарлайды Қостанай облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы.

Жаңа зауыт құрылысының бастамашысы — «ҚазэлектроСорбент» АҚ.

«Қазіргі уақытта қаржыландыру көздерін табу бойынша жұмыс жүргізілуде. Отандық және шетелдік инвесторларды тарту мақсатында ол жобалардың тізіміне енді, оны алға жылжытумен шетелде Kazakh Invest айналысады», — деп түсіндірді ведомство.

Дайын өнімді өткізудің көлемі мен әлеуетті нарықтары қажетті құжаттаманы әзірлеу кезінде анықталады.