Қазақстанда әлеуметтік желілер істеймей тұр

26
әлеуметтік
Фото: lihtar.by

Алматы. 12 маусым. 7kun.kz — Қазақстанда әлеуметтік желілерге қолжеткізу мүмкіндігі шектелді, сондай-ақ WhatsApр мессенджері жұмыс істемейді.

Мұндай проблемалар сейсенбі күні кешке басталып, таңертеңге дейін жалғасты, бірқатар әлеуметтік желілер мен мессенджерлер қолжетімсіз болды. Атап айтқанда, әлеуметтік желі пайдаланушылары Facebook, Telеgram мессенджері, WhatsApр, Instagram фото алмасу қызметі және Youtube хостингіне қолжетімділікті шектеуді атап өтті.

Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан, Алматы және бірқатар өңірлердің тұрғындары әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің жұмысына шағымдануда.