Қазақстанда алкоголь бағасы қымбаттады

106
30
Фото: VistaNews.ru

Алматы. 8 мамыр. 7kun.kz — 2019 жылдың төрт айының қорытындысы бойынша Қазақстанда алкогольді ішімдіктердің бағасы 9,3%-ға өсті. 2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда баға 10,4%-ға артты. Бұл туралы Energyprom.kz хабарлады.

Әсіресе, арақ бағасы өсті: бір жыл ішінде 11,4%. Сыра 8,3%-ға, шарап — 7,4%-ға қымбаттады.

Алкогольдің ең қымбат түрі — арақ, Қазақстан бойынша 2019 жылғы мамырға қарай орташа баға бір ай ішінде 1,1%-ға және бір жыл ішінде 9,1%-ға, бір литр үшін 2798,6 теңгеге дейін өсті.

Еліміздің ірі қалалары мен мегаполистері арасында арақ Нұр-Сұлтан (бір литріне 3694 тг, бір жылға 14,9%), Атырау (бір литріне 3407 тг, бір жылға 31%) және Шымкент (бір литріне 3252 тг, бір жылға 13,1%) тұрғындарына қымбатқа түседі. Бағаның өсуі еліміздің барлық өңірлерінде байқалады.

Еске сала кетейік, Қазақстан Үкіметі 2019 жылға арақ пен ликер-арақ өнімдерінің ең төменгі бөлшек сауда бағасын бір литріне 1923 теңге көлемінде белгіледі.

Ағымдағы жылдың І тоқсанында күшті алкогольді сусындардың көпшілігін шығару көлемі ұлғайды. Мәселен, коньяк өндірісі жылына 5,5%-ға, 2,9 млн литрге дейін; шараптар 48,5%-ға, 14,9 млн литрге дейін; сыра 23,8%-ға, 139,3 млн литрге дейін өсті. Ал арақ өндірісі 24,9%-ға қысқарды. Сондай-ақ, ликер өндіру де азайды: жылына 26%-ға, 470,8 мың литрге дейін.