Қазақстанда автокөлік өндірісі бір жылда 47%-ға өсті

21
Қазақстанда
Фото: yle.fi

Алматы. 10 қазан. 7kun.kz — 2019 жылдың қаңтар–тамыз айларында Қазақстанда трейлерлер мен жартылай тіркемелерді қоса алғанда, 28,6 мыңнан астам автокөлік құралы өндірілді, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 47%-ға артық, деп хабарлады EnergyProm.

2018 жылдың сегіз айында 19,5 мың автокөлік құралы өндірілді.

Биыл шығарылған автокөліктің жалпы санынан 25,6 мыңы — жеңіл автокөлік, 1,7 мыңы — жүк көлігі және 780-і — автобус.

2019 жылы қазақстандық автозауыттар ай сайын орташа есеппен 3,6 мың автокөлік құралдарын өндіреді. 2019 жылдың соңына қарай мұндай қарқынмен 43 мыңға жуық автомобиль өндірілуі мүмкін. 2018 жылғы қаңтар-тамызда ай сайын орташа 2,4 мың автомобиль өндірілді.

Сондай-ақ, осы жылы бір айда 4 мың автокөлік құралын шығару көрсеткіші үш рет тіркелді: сәуірде (4 048 бірлік), мамырда (4 051 бірлік) және шілдеде (4 064 бірлік). Ең төмен нәтиже ақпан айында белгіленді — 2 693 авто.

Бұл ретте өндірістің жалпы көлемінің жартысынан көбі Қостанай облысына тиесілі — 100,3 млрд теңге, бір жыл ішінде 2,2 есеге өсті. Жалпы көлемнің 42%-ы Шығыс Қазақстан облысына тиесілі — 82,8 млрд теңге. Үздік үштікті Ақмола облысы түйіндейді: 4,4% — 8,7 млрд теңге.