Қазақстанда автокөліктер саны қанша?

жеңіл автокөлік
Фото: vistanews.ru

Алматы. 17 сәуір. 7kun.kz – 2019 жылғы қаңтар-ақпанда Қазақстанда 153 792 жеңіл автокөлік тіркелген немесе өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 13,7%-ға көп. Бұл туралы ҚР ҰЭМ Статистика комитеті хабарлады.

Ағымдағы жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша тіркелген жеңіл автомобильдердің саны 3 669,3 мың бірлікті құрады.

Ағымдағы жылғы қаңтарда 2 682 адам зардап шеккен 1 785 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда апаттылық 7,2%-ға азайған.2

2019 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша сақтандыру ұйымдары көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру бойынша 4,6 млрд теңге сомасына 12 133 сақтандыру төлем жүзеге асырылды.3