Қазақстанда байланыс кәсіпорындары қанша табыс табады?

кәсіпорындары
Фото: enca.com

Алматы. 13 ақпан. 7kun.kz – 2019 жылдың қаңтарында байланыс кәсіпорындары 63,6 млрд теңге табыс тапты. Бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,2% артық.

Атап айтар болсақ, жергілікті телефон байланысы қызметтері – 31,8 млрд теңге (5,2%-ке кем), Интернетке қолжетімділікті ұсыну – 22,5 млрд теңге (11,4%-ке артық), ал ұялы байланыс қызметтеріне – 17,7 млрд теңге (5,5%-ке артық) болды.

Байланыс қызметтерінің жалпы көлеміндегі ең үлкен үлес кең жолақты Интернетке (35,3%) және ұтқыр байланысқа (28%) тиесілі. Ал өзге де телекоммуникациялық қызметтер кірістердің 17,4%-ін, жергілікті телефон байланысының жұмысы – 5%-ін, кабельдік инфрақұрылым және сымсыз желілер бойынша бағдарламаларды тарату бойынша қызметтер – 4,9%-ті құрады.

2019 жылдың қаңтарда тіркелген телефон желісі абоненттерінің саны 3,3 млн-нан астам, ұялы байланыс абоненттерінің саны 26 млн-ға жуық, Интернетке қол жеткізе алатын ұялы байланыс абоненттерінің саны 14,4 млн-ға жуық, тіркелген Интернет абоненттерінің саны 2,5 млн-ға жуық.