Қазақстанда броконьерлерге жаза күшейеді

лотерея
Фото: viboronline.ru

Алматы. 24 шілде. 7kun.kz – Қазақстанда браконьерлікпен күресті күшейту үшін қылмыстық заңнама күшейтілетін болады, — деп мәлімдеді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев.

Оның айтуынша, бір айдың ішінде «Охотзоопром» мекемесінің инспекторлары браконьерлермен күресу бойынша теориялық және практикалық арнайы оқудан өтетін болады. Мұндай орны толмас қайғылы оқиғалар қайталанбауы қажет.

«Қаныш Нұртазиновтың туыстары мен жақындарына өз атымнан және министрлік атынан қайғыра көңіл айтамын. Инспектордың артында қалған бес баласы мен отбасына барлық көмек көрсетіледі. Марқұмның жерлеу шараларын өз қолымызға аламыз», — деді ол.

Сондай-ақ министр жараланған инспектор Самат Оспановтың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.