Қазақстанда дәрі-дәрмек қымбаттады

62
дәрі
Фото: forum.na-svyazi.ru

Алматы. 5 қараша. 7kun.kz — 2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында дәрі-дәрмек шығару 56,6 млрд теңгеге, өзге препараттар — 4,1 млрд теңгеге жетті. Осылайша фармацевтикалық концерндер өткен жылғы құлдыраудан кейін қайтадан қарқын алды, деп хабарлады energyprom.kz.

2019 жылдың үш тоқсанының қорытындысы бойынша дәрі-дәрмектерді өнеркәсіптік өндіру индексі өткен жылмен салыстырғанда 119,6%-ды, басқа да фарм препараттары — 129,3%-ды құрады.

Барлық фармацевтикалық өнім өндірісінің жиынтық көлемі 2018 жылдың қаңтар–қыркүйек айларындағы 55,5 млрд теңгеден биылғы жылдың сәйкес кезеңінде 65,3 млрд теңгеге дейін өсті. Өнеркәсіп өндірісінің индексі 112,5%-ды құрады (бір жыл бұрын — 98,4%).

Елдегі дәрі-дәрмек өндірісінің барлығы дерлік 3 өңірде шоғырланған: Шымкент (23,1 млрд теңге), Алматы облысы (21,1 млрд теңге) және Алматы облысы (14,2 млрд теңге).

Сонымен қатар, дәрілік препараттардың бағасы өсті: 2019 жылдың қыркүйегінде баға 2018 жылдың қыркүйегіне қарағанда 8,2%-ға өсті, бір жыл бұрын көрсеткіш 7% — ды құрады. Әсіресе, витаминдер — бір жылда 11,4%-ға, анальгетиктер — 10,6%-ға, сондай-ақ корвалол мен антибиотиктер — 9,3%-ға қымбаттады.