ЖаңалықтарТаңдаулы1Экономика

Қазақстанда экспорт көлемі артты

2018 жылдың 8 айында экспорт көрсеткіші 30 млрд 788 млн теңгеге жетті.

Алматы. 12 қазан. 7kun.kz – 2018 жылдың 8 айында экспорт көрсеткіші 30 млрд 788 млн теңгеге жетті. Ал, өткен жылы 40 млрд 87 млн теңгені құраған болатын. Бұл туралы KazakhExport компаниясы мәлім етті.

Жоғары сұранысқа ие тауарлар көшін мұнай және мұнай өнімдері бастап тұр. Одан кейін тазартылған мыс және өңделмеген мыс қорытпалары. Үшінші орында ферроқорытпа.

Сонымен қатар, отандық газға деген сұраныс та жоғары. Газдың басым бөлігі, яғни 35,5% көршілес Ресейге жіберіледі. Келесі кезекте Украина, Қытай және Швейцария елдері.

Сондай-ақ ірі қара мал етінің экспорты да жоғары. Жыл басынан бері Қазақстан өзге елдерге 10 мың тоннадан астам ет өнімдерін жолдаған.

Tags

Осы айдарда

Close