Қазақстанда электромобильге сұраныс 2 есе азайды

71
автокөлік
Фото: vestikavkaza.ru

Алматы. 4 қараша. 7kun.kz — 2019 жылдың он айында әкімшілік полиция органдары 1 232 872 автокөлік құралын есепке қойды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 12,2%-ға жоғары. Олардың 1 149 542 бірлігі иелерін ауыстырған техниканы қайта тіркеуге тура келді — бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 11,5%-ға жоғары (1 031 139 бірлік). Алғаш рет тіркелетін көлік құралдарының үлесі 83 330 бірлікті құрады, бұл 2018 жылдың сәйкес мәнінен 23,4%-ға көп, деп хабарлады «КазАвтоПром».

2019 жылдың қазан айының қорытындысы бойынша есепке қойылған көлік құралдарының саны 139 575 бірлікке жетті. Оның ішінде 129 824 бірлік қайталама нарықта қайта сатуға тиесілі (2018 жылдың қазан айының нәтижесінен 8,3%-ға артық).

Қазақстанда электромобильдерге сұраныс 2 есе азайды. 2019 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша, Қазақстан аумағында 24 электромобиль тіркелген, ал бір жыл бұрын 47 бірлік сатылған.

2019 жылдың басынан бастап қайта тіркелген көлік құралдарының үштен екісінен астамы (69,3%) 10 жастан асқан техниканы құрады. Ең үлкен үлеске 20 жастан асқан көлік құралдары (41,7% немесе 479 869 бірлік) ие болды, 11 жастан 20 жасқа дейінгі көлік құралдары – 27,6% (316 713 бірлік), 4 жастан 7 жасқа дейінгі көлік құралдары – 20,6% (236 768 бірлік), 8 жастан 10 жасқа дейінгі көлік құралдары – 6,0% (68 736 бірлік), 1 жастан 3 жасқа дейінгі көлік құралдары – 3,5% (40 181 бірлік), жасқа толмағандарда — 0,6% ( 7 275 бірлік).

Автомобиль нарығындағы мәмілелердің серпіні бұрынғысынша отандық парктің жоспарлы қартаю үрдісі туралы куәландырады. Осылайша, қайталама нарықта қайта сатудағы 20 жастан асқан көлік құралдарының үлесі 2018 жылғы қаңтар-қазанда 39,6%-дан есепті кезеңде 41,7%-ға дейін өсті, ал 1-ден 3 жасқа дейінгі көлік құралдарының үлесі 4,5%-дан 3,5%-ға дейін қысқарды.

2019 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша қайталама тіркеулердің ең көп саны Алматы облысында (174 410 бірлік), Алматы қаласында (144 324 бірлік) және Түркістан облысында (104 689 бірлік) тіркелді. Алматы облысының тұрғындары 20 жастан асқан көлік құралдарының да ең көп санын тіркеді (99 344 бірлік; 20,7%). Осы өлшем бойынша кейінгі орындарға Түркістан облысы (50 513 бірлік; 10,5%) және Алматы қаласы (41 965 бірлік; 8,7%) орналасқан. Бір жастан кіші көлік құралдарының ең көп саны Алматы (1 609 бірлік; 22,1%) және Нұр-Сұлтан (987 бірлік; 13,6%) қалаларында, сондай-ақ Атырау облысында (640 бірлік; 8,8%) қайта тіркелді.