ЖаңалықтарТаңдаулы1Экономика

Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі өсті

2018 жылғы қазанда ең төменгі күнкөріс деңгейі - 28 620 теңге.

Алматы. 6 қараша. 7kun.kz – 2018 жылғы қазанда ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 28 620 теңгені құрады, — деп хабарлайды ҚР ҰЭМ баспасөз қызметі.

Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтыңжан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 2018 жылғы қазанда 2017 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 11,8%-ға жоғарылады. Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі – 18,7%, сүт, тоң май өнімдері мен жұмыртқаны – 14,6%, жемістер мен көкөністерді – 12,7%, нан және жарма өнімдерін – 6,9%, қант, шай және дәмдеуіштерді 2,1%-ды құрады.

Ең төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бір адамға арналған ең төмен ақшалай кiрiс. Ең төмен тұтыну себетi адамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заттай және құн түріндегі ең төмен жинағын білдіреді. Ол азық-түлік себетінен және азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың тіркелген үлесінен тұрады. Ең төмен күнкөріс деңгейін есептеуге арналған аз тұтынылатын азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың үлесі 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі тұтыну себеті құнының 45 пайыздық мөлшерінде белгіленген.

Tags

Осы айдарда

Close