Қазақстанда оқулықтардың бағасы өсті

6
оқулықтардың
Фото: osvita.ua

Алматы. 12 қыркүйек. 7kun.kz – Жаңа оқу жылы қарсаңында оқу және анықтамалық оқулықтардың бағасы 1 айда 2,4% және 1 жыл ішінде 6,4%-ға  дейін өсті, деп хабарлайды Еnergyprom.kz. 

I жартыжылдықта баспа қызметтері 20,7 млрд теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2017 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 4,6%-ға жоғары.

Баспаханалардың басым көпшілігі газет (40,1%), журнал (11,6%) және тағы да басқа мерзімді басылымдар мен кітаптарды (9,7%) шығарумен айналысады.

Қыркүйектегі жағдайға сәйкес, 1 жыл ішінде оқу-анықтамалық құралдар сатылым нүктелерінде 6,4%, яғни ҚР бойынша орта есеппен 1,3 мың теңгеге қымбаттаған.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, 2018-2019 оқу жылында мемлекет бойынша 3-ші, 6-шы және 8-ші сыныптар үшін 12 млн теңгеге мазмұны жаңартылған кітаптар сатып алынған. Бұл сыныптарда білім алатын оқушылардың саны 906 мыңға жеткен.

Республика бойынша баспаханалардан орта есеппен 98,2% оқулық пен оқу-әдістемелік құралдар жөнелтілген, өңірлерге 92,5% жіберілді. Жамбыл, Түркістан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласында оқулық 100% жеткізілген.