Қазақстанда қанша қызметкер жұмыстан шығарылды

39
Қазақстанда
Фото: Sostav.ru

Алматы. 10 ақпан. 7kun.kz — Қазақстанда 2019 жылы 22,5 мың адам қысқартылды.

2018 жылы қызметкерлер санының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған қызметкерлер саны шамамен 15,8 мыңды құрады. Осылайша, көрсеткіш 42%-дан астамға өсті, деп куәландырады статистикалық мәліметтер.

Салалар бөлінісінде 2019 жылы қызметкерлердің ең көп саны жеке күзет қызметтерінде қысқартылды — шамамен 3,6 мың адам. 2,3 мыңнан астам жұмыстан шыққан қызметкерлер қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, 1,9 мың адам – өнеркәсіпте еңбек етті.

Бұдан басқа, білім беру саласында 1,8 мыңнан астам қызметкер, отынмен бөлшек саудада – 1,7 мың, тұрғын үй ғимараттарын салуда – 1,4 мың, денсаулық сақтауда – 1,1 мың қызметкер қысқарды.

Өңірлерге келетін болсақ, қызметкерлердің қысқаруына байланысты жұмыстан шығарылғандардың ең көп саны Алматыда тіркелді — 4 мың адам. Нұр-Сұлтанда — 2,5 мың, Маңғыстау облысында — 2 мың, Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарында — әрқайсысы 1,9 мың және Шымкентте — 1,5 мың.